Главная
Регистрация
Вход

13.05.2024
12:43
Приветствую Вас Гость | RSS
                             Информатика мұғалімінің сайты             
                                               Омарова Жанна Нұрахметқызы
 

Сайт мәзірі


Музыка


Бөлім санаты

Менің мақалаларым [2]

Сауалнама

Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 48

Статистика


Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Ену формасы


 Мақалалар жинағы 
Главная » Статьи » Менің мақалаларым

Швеция еліне іс-сапар

Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің желтоқсан айының 7-15 аралығында Швецияда «Тұлғалық бағдарлы оқыту және пәндік бірлестіктер әрекетін ұйымдастыру» тақырыбында өткізілген оқу курсы туралы

 
 
Информатика пәні мұғалімі және бірлестік жетекшісі Ж.Н.Омарова

          Желтоқсан айының 7-15 аралығында Талдықорған қаласындағы НЗМ мұғалімдері, Б.К.Сыдыкова, А.Б.Казбекова, Ж.Н.Омарова, А.М.Шиликбаева, А.Л.Сулейманова Стокгольм қаласына (Швеция) қызметтік іссапармен курсқа барды. Курс барысында Кафедралдық гимназиясына, Стокгольм университетіне, Боландгимназиясына, Life-Link халықаралық бағдарламасы жөніндегі Ғылымдар паркіне, Орталық білім басқармасына, Аланд лицейіне сапарлар қамтылды. Курс бағдарламасын құрастырушылар және шараларды ұйымдастырушылар – Alina Maric пен Bertil Oskarsson. Жүргізілген іс-шаралар әртүрлі формада өткізілді. Жұмыстың алғашқы күні Стокгольм қаласында Hifab компаниясының офисінде өзінің алғашқы сөзін амандасудан бастаған жоба директоры Кристина кіріспе сөз ретінде сәттілік тілесе, Alina Maric пен Bertil Oskarsson Швециядағы білім жүйесі және оның ерекшелігімен таныстырды. Онда 9 жыл міндетті білім алу болса, 3 жыл гимназияда бірнеше бағдарлама бойынша білім беру жүзеге асырылатындығы туралы айтылып, 20 жастан жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алатындықтары туралы айтылды. Сонымен қатар, Швециядағы міндетті оқытылу пәндеріне швед тілі, ағылшын тілі, эстетика, религия, дене тәрбиесі, қоғамтану болып табылатындығы туралы мағлұмат берді. Осы күннің келесі кезеңінде семинарға қатысушылар Стокгольм университетіне бет алды. Стокгольм университетінде мұғалімдерді оқыту және лицензия беру туралы ақпараттар алынды. Университет профессоры университет тарихын, Швеция туралы айта келе қазіргі таңда 16 жоғарғы оқу орындарымен 23 университет колледждерінің бар екендігін хабардар етті. Жалпы студенттер саны 64065 жетсе, толық күндік оқитын студенттер саны 30755 екендігіне назар аударды. Дәріс барысында мұғалімдерді оқыту және білімдерін жетілдіруге аса көңіл бөлді. Өйткені биылғы жылы жаңа реформа іске қосылғандығы туралы айта келе, мұғалімдердің пәндерді интеграциялауға ықпал ету және басқа пәндерді оқытуға лицензиялар алуларына жол ашу деп түсіндірді. Екінші жұмыс күндері Боландгимназиясының білім беру жүйесімен, гимназияның материалдық және оқыту практикалық базасы таныстырылып, бірінші қыркүйектен бастап конфуция класы ашылғандығы, онда қытай тілін оқыту және сол елдің мәдениетін үйрету қытай маманымен жүргізілетіндігін көрсетті. Гимназияда нақты мамандықтарға сай мамандар даярлайтындығын айта келе практика жүргізілетін орталарды көрсетті. Бұл мектеп 11 бағытта оқытады, соның негізгісі машинақұрау бөлімі және жоғары оқу орнына түсуге дайындайтындығын айтты. Оқу орындарына арналған халықаралық Life-Link бағдарламасын Hans Levander, автордың өзі таныстырып кетті. Мұндағы халықаралық қозғалыс мүшесі ретінде Қазақстандағы Семей орта мектептерінің бірі бар екендігін мысал ретінде жеткізді. Үшінші жұмыс күні Білім беру басқармасындағы дамыту бөлімінің бастығы – Karin Nilssonмен және коммуникация бөлімінің бастығы – Robin Lapidusмен кездесулер өтіп, ондағы мектеп инспекциясы жұмыстары жайлы мәліметтер тыңдалып дөңгелек үстелдер жүргізілді. Уппсала Кафедралдық гимназиясында бізді директор орынбасарлары Мариана мен Свен қарсы алды. Бұл мектеп 1245 жылы қаланған екен. Мектепте 85 мұғалім және 1100 оқушы бар. Гимназияның негізгі бағыты: гуманитарлық, бакалавриат, биотехнология, француз сыныптары. Қосымша шет тілі ретінде орыс, жапон, француз, неміс, испан тілдері жүргізіледі. Жалпы оқытылатын тілдер саны 43ке жетеді екен. Уппсала қаласындағы алдыңғы қатарлы гимназияларының бірі – Кафедралдық гимназиясының оқу–тәрбие жұмыстарының жүйесі кең көлемде қамтылып, сабақ жүргізілу әдісін көрсетумен қатар студенттермен интервью ұйымдастырылды. Ең бір ерекше тұсы Халықаралық бакалавриатпен жұмыс жүргізетін негізгі мекеме екендігіне терең тоқталды. Курстың соңғы күні Финляндиядағы Аланд лицейінің директорымен кездесу өтіп, ондағы білім беру жүйесі, лицей құрылымы, оқушылармен жүргізілген жұмыстары жөнінде ақпараттар алынды. Финляндия мен Швеция кемедегі жол аралығында қатысушылар 6 топқа бөліну арқылы әр топ өздерінің семинарларға қатысты өз ойларын ортаға салды. Онда көріп-білген тартымды ақпараттармен қатар, кемшілік тұстарға да тоқтала кетуімізді сұрады. Әр топ өзінің ойларын ортаға салып, жетекшілерімізге өз алғыстарын білдіре отырып, олардың бізге деген ыстық ықыластарын тыңдап, сертификат ұсынумен аяқталды. Әр күні өткен іс–шаралар жоспарлы түрде, бағдарламаға сәйкес ұйымдастырушылықпен тартымды өтті. Дәріс берушілердің ұсынған ақпараттары негізгі тақырыпты жан–жақты аша түсті.
28.12.11ж.
Категория: Менің мақалаларым | Добавил: LES-ON (19.06.2012)
Просмотров: 1204 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Сайтта іздеу

Табиғат

Google-де іздеу

Менің достарым

Омарова Жанна Нұрахметқызы © 2024
Конструктор сайтов - uCoz