Главная
Регистрация
Вход

13.05.2024
07:27
Приветствую Вас Гость | RSS
                             Информатика мұғалімінің сайты             
                                               Омарова Жанна Нұрахметқызы
 

Сайт мәзірі


Музыка


Бөлім санаты

Менің мақалаларым [2]

Сауалнама

Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 48

Статистика


Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Ену формасы


 Мақалалар жинағы 
Главная » Статьи » Менің мақалаларым

Әдістемелік бірлестіктің онкүндігі
Информатика, робототехника және IT әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
 
             09.04-19.04 аралығында Информатика, робототехника және IT әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті. Онкүндіктің қанық та қызықты өтуіне информатика пәні мұғалімдері мен ІТ мамандарының үлестерімен қатар оқушылар белсенділігі де танылды. Онкүндікті информатика мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен 1-5 сынып оқушылары арасында «Мақал-мәтелдер әлемі» атты графикалық суреттер байқауының жұмысы бастаса, ІТ маманы және жас мұғалім Юрий Гладченконың «Бейнеэффектілерді қолдану» атты 8а-сыныбында өткізген сабағы онкүндіктің жалғасын тапты. «Мультимедиалық технологиялар» атты элективті курсының бұл сабағы оқушылардың бейне өңдеуде редактор мүмкіндігін қолданып оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға өз септігін тигізді. Онкүндік барысында өз жұмысын үзбеген графикалық суреттер байқауында қойылған талаптарға сай құрастырылған оқушылар суреттері көрмеге қойылып мектеп назарына ұсынылды. Оқушылар жұмысы екі тармақ бойынша бағаланды: 1-3 сыныптар арасында І орынды Мұрат Әлібек (1А) мен Омар Бекжан (2В), ІІ орынды Разживин Егор (1В), Альчимбаева Алина (2С), ІІІ орынды Кожагулов Али (2А), Әмірғали Әмір (3А) иеленсе, 4-5 сыныптар арасында І орынды Мусин Диас (4А), Мукарамов Олжас (5В), ІІ орынды Бупебаева Гулзат (4А), Труфанова Маргарита (5В), ІІІ орынды Кан Костя (4В), Жалбаева Аружан (4А) иеленген еді. Усенова Айнур (2В) мен Калиева Арна (3А) жұмыстары көрермендер ықыласына ие болса, Юрченко Данила (3В) мен Ертанатов Сезім (3А) «Мазмұнды сурет» атағын иеленді. ІТ маманы және жас мұғалім Ернар Акшабаевтың 4а-сыныбында өткізген «Шартты оператор» сабағы оқушылардың информатика пәнін меңгеруде логикалық ойлау қабілеттерін, программалау жүйесінде жұмыс жасау даағдыларын қалыптастырылуын танытты. 7а-сынып оқушылары компьютер программаларын оның ішінде CorelDraw программасының мүмкіндіктерін жан-жақты меңгергеріп жатқандықтарын «Эмоция, сезімді білдіру» ағылшын және информатика пәндерінің кіріктірілген сабағында көрсете білді. Сабақтың өн бойында екі пәннің жүйелі кіріктіріліп және өз деңгейінде ұйымдастырылды. Кіріктірілген сабақтың жоғарғы үлгісін информатика пәні мұғалімі Искакова Айжан және ағылшын тілі мұғалімі Исабекова Жанна көрсетті. Оқушылардың үш тілде программалық жобалар құру және оны көрсету, қорғау дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Delphi-де программалау” бағдарламасы бойынша 9а,в-сыныптары арасында «ЖОБАЛАР АУКЦИОНЫ» информатика мұғалімі Омарова Жаннаның ұйымдастырылуымен өтті. Аукционда оқушылар өздерінің үш тілде сөйлеп қана қоймай, ойлай да алатындықтарын көрсете білді. Аукционға өз жұмысын ұсынған оқушылар ішінде ерекшеленіп, қатысушылардың жоғарғы бағасына ие болған оқушылар қатарында Ермекбаева Зере 9b-сынып оқушысы «Физика пәніне көмекші құрал» жобасымен, Фархат Диана мен Сарыева Айжан 9а-сынып оқушылары «Электронный альманах «Мой Казахстан»» жобасымен, Битабарова Даяна мен Сабыров Нурбол 9а-сынып оқушылары «Қызыл кітап» жобасымен, Тельман Қуан және Сыбанов Серік 9а-сынып оқушылары «Вирусные баннеры» жобасымен, Манат Ернар мен Баткалова Алия 9а-сынып оқушылары «АКТ курсын оқытуға арналған электрондық құрал» жобасымен, Нурсалим Мадина 9b-сынып оқушысы «Выйграй миллион» ойынының жобасымен аукцион тұғырынан көріне білсе, Абдрахманова Әсем 9b-сынып оқушысы «English for kids» жобасымен жеңімпаз атанды. 11-сынып оқушылары Гүлназ бен Айгерім аталған шараның жүру жоспарын құрастыра отырып, шебер жүргізген болса, Елнұр, Ақерке, Ерасыл, Мөлдір және Динара жобаларды бағалау комиссия қатарына кірді. Ал, информатика пән мұғалімі Наталья Кимнің «Графика в Паскале» тақырыбында өткізілген сабағында оқушыларды топқа бөлу арқылы оқытуды жетік қолдана отырып, ойластырылған тапсырмалары логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталды. Сабақ оқушылардың сурет бейнесін бағдарламалау тілінде құрастырылған программаларды көрсетуден басталып 8d-сыныбында тартымды өтті. Ultrasonic сенсорының мүмкіндіктерін көрсететін программаларды құрастыруда 9a-сынып оқушылары әр түрлі тапсырмалар ойластырып, робот моделін жасақтауда қызығушылықтарымен, шығармашыл және ойлап тапқыштықтарын «Возможности использования Ultrasonic сенсора в различных типах роботов» атты сабақта көрсете білді. Бұл ашық сабақты ІТ маманы және жас мұғалім Николай Авдюнин білікті ұйымдастыра білді. 4В-сыныбында өткен «Умники и умницы» атты ойын сабағы да өз деңгейінде өтті. Жас шамаларын ескере отырып тапсырмаларды әсерлі ұйымдастыра білген информатика пәні мұғалімі Алмабекова Акмарал онкүндіктің тартымды өтуіне өз үлесін қосты. Информатика пәні онкүндігін әрлендіре түскен іс-шараның бірі – он-лайн режимінде Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен информатикадан интеллектуалды ойын. Онда Ким Н.В. және Искакова А.Т. жетекшілік еткен, 7-сыныптардан жасақталған Талдықорған қаласындағы мектептің «Молния» командасы екінші орынды еншіленді. Информатика, робототехника және IT әдістемелік бірлестігінің онкүндігі оқушылардың жобалар фестивалімен аяқталды. Фестиваль 4 бағыт бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Фестиваль 7-сынып оқушыларының графикалық редакторларда құрған шақыру билеттерін үлестіруден басталды. 6-сынып оқушылары Юшкова Дарья және Моргунов Антон өздерінің жұмысын презентациялар құру арқылы көрсетсе, 8-сынып оқушылары Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін меңгергендіктерін құрған программалары көмегімен ұсынды. 9-сынып оқушылары Delphi ортасында басқа пәндермен сабақтастыра жобалар құру арқылы байланыстыра біреуі – электронды оқулығын ұсынса, екіншісі – құрастырған ойын программасын көрсетіп көрермендер көңілінен шықты. Роботтар моделін құрастырған оқушылар да жұмыстарының нәтижесі ретінде қошаметке ие болды.
Категория: Менің мақалаларым | Добавил: LES-ON (19.06.2012)
Просмотров: 2488 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Сайтта іздеу

Табиғат

Google-де іздеу

Менің достарым

Омарова Жанна Нұрахметқызы © 2024
Конструктор сайтов - uCoz