Главная
Регистрация
Вход

10.05.2024
04:32
Приветствую Вас Гость | RSS
                             Информатика мұғалімінің сайты             
                                               Омарова Жанна Нұрахметқызы
 

Сайт мәзірі


Музыка


Бөлім санаты

Шебер-класс [1]

Сауалнама

Сайтты бағалаңыз
Всего ответов: 48

Статистика


Онлайнда: 1
Қонақтар: 1
Тіркелгендер: 0

Ену формасы


 Әдістемелік жинақ 
Главная » Файлы » Мұғалімдерге » Шебер-класс

Республикалық семинар, 2011
20.06.2012, 13:30
Республикалық семинар
«Көптілділік жағдайында оқушыларды дайындау жүйесіндегі бағытталған құзіреттілік»
 
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
информатика пән мұғалімі Омарова Ж.Н.
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің
мұғалімі Иманбаева Г.О.
 
          Информатика мен қазақ әдебиетін оқытудағы біртұтастық (кіріктірілген бейне-конференц сабақ) Шебер-класс мақсаты: 1. Түрлі технологиялар мен тәсілдерді қазақ әдебиеті мен информатиканы оқытудың біртұтастығында қолдану. 2. Жоғары оқу орындарымен байланысты және АКТ мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын көрсету. Шебер-класс соңында тыңдаушылар сабақтарды кіріктіре оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын, сын тұрғысында ойлау қабілеттерін қалыптастыра дамытуға бағытталған педагогикалық стиль қолдану тәсілін меңгереді; АКТ мүмкіндіктерін пайдалану жолымен танысады; жаңа технологияларды қолданып сабақтың жобасын құру мүмкіндігін игереді; сын тұрғысынан ойлауды сабақта қолдану жолын өз практикасына кірістіруді үйренеді; жобалау технологиясының көмегімен информатика сабағында бағдарламалау ортасында үш тілде жобалар құрастыруға бағыттауды үйренеді. Шеберлік сынып құрылымы: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және оқушылар! - Армысыздар, қадірменді әріптестер және бүгінгі семинарға қатысушылар! Қазіргі таңда ақпараттық құралдар мүмкіндіктері мен программалық жабдықтарды қолдану қажеттілігімен қоса қашықтықтан оқытуды басқару, виртуалды оқыту құралдары мен бейнеконференция рөлдері де арттуда. Өйткені бұл тәсілдер адамдар арасындағы қарым-қатынас тиімділігін арттырады және жеңілдетеді, интерактивті қатынас жасау мүмкіндігін туғызады. Технологиялардың және тәсілдердің көптеген түрлерінің дамуына байланысты біртұтастық талабы туындайды. - Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың ақпараттық комминикативтік құзыреттілігін дамыту мақсатында басқа пәндермен кіріктірілген сабақтар жиі өткізілуде. Соның ішінде информатикамен біріккен сабақтардың тиімділігі зор. Осындай сабақтардың бірінен элементтер көрсете отырып, жұмыс тәжірибемізбен бөліспекпіз. 10-сынып оқушылары үшін жаңа, тың тақырып, өйткені Әсет Найманбаев туралы мәлімет төменгі сыныптарда тек І.Жансүгіровтің «Әнші» өлеңі арқылы қысқа мәлімет беріледі, одан басқа мәліметті оқушылар білмейді, сондықтан осы кезде оқушыларға сын тұрғысынан ойлаудың «Не білемін, не білдім, не білгім келеді?» стратегиясы бойынша алғашқы сұрақ қойылады. Бұл сұраққа оқушылардың жауабы мардымсыз болады. Ғаламтор желісі арқылы оқушылардың өз бетінше ізденіп, ақпарат жинауына уақыт беріледі.
Бұл жағдайда мектебіміздің смарт сыныптарының тиімділігі өте зор. - Мұндағы мақсатымыз – Delphi программалау ортасының компоненттерін қолданып қазақ әдебиетінен алған білім нәтижесі ретінде жоба құру –электронды оқулық құрастыру. Электронды оқулықты үш тілде құру үшін оқушыларды үш топқа бөлеміз. Әр топтағы оқушыларға жеке тапсырма беріледі және орындалу барысы ақпараттық білім беру құралдар жүйесі, яғни Storage, әр мұғалім ТАПСЫРМАСЫ, әр оқушының ЖАУАП қапшықтарын қолдану арқылы қадағаланып отырады. - Тапсырмалар мынадай мазмұнда болады: үш топқа үш тілде Әсет Найманбаевтің өмірі мен шығармашылығы туралы негізгі мәліметті жинақтау, өлеңдерін тақырып бойынша топтастыру, соған сәйкес тапсырма құрастыру, тест сұрақтарын жасау, ақынның жүрген жерлерінің пейзаж-көрсетілімі мен картасын жасау. - Тапсырмаларды электронды түрде жүзеге асыру барысында нақты тапсырмалар беріледі: o Жинақталған материалдарды мына кестеде көрсетілгендей форматқа келтіру. o Delphi программалау ортасында жоба құруға компоненттер, мәндерді нақты кестедегідей құрастыру. Сонымен қатар бағалаудың критерийлерімен таныстырылады. Оқушылар берілген тапсырманы орындау барысында бірден алдағы құрастырылатын электронды оқулыққа қажетті форматта құжатты өңдейтіндіктерін ескертіп өтемін. Құрастыратын оқулыққа фонды Photoshop бағдарламасының көмегімен жасау қажеттігі түсіндіріліп, қосымша тапсырма сыныптан тыс уақытқа беріледі, өйткені бұл бағдарлама оқушылар үшін жаңа. Пейзаж көрсетілімін PowerPoint бағдарламасының сақтау ерекшелігін ескере отырып, бейнефильм ретінде жасау тиімді екені анықталды. - Жинақталған мәліметтерге байланысты оқушыларда түрлі сұрақтар туындайды, сол себепті біз алғашқы қолданған «Не білемін, не білдім, не білгім келеді?» стратегиясы бойынша енді «не білгім келеді?» деген бөлімге ораламыз. Осы сәтте оқушылар сұрақтарын І.Жансүгіров атындағы ЖМУ қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.д. Әсеттанушы Сайлау Қажыбекұлымен тікелей байланысқа шығамыз. Сәлеметсіз бе, Сайлау Қажыбекұлы, сабақ тақырыбына сай балалар сұрақтарына жауап берсеңіз (балалар сұрақтарын қояды) - Электронды оқулық құру барысындағы оқушылардың жұмысы критерийлік бағалау арқылы жүргізілетіні ескертіледі, балалар осы критерийлер бойынша өздерін бағалай отырып, оқулық құрудың негізгі талаптарына сүйенеді. Кіріктірілген сабағымыздың нәтижесі мынадай: Оқушыларға сөз беріледі: - Дәулет Әсет Найманбаевтың «Арғынмын, атым – Әсет, арындаған» өлеңінен үзінді оқиды. - Надира: Біз сіздер көріп отырған электронды оқулықты Delphi программалау ортасында құрастырдық. Әрбір беттегі фонды жасау үшін және әрбір батырманың суретін дайындау үшін PhotoShop графикалық редакторын қолдандық. Мына батырмалар Delphi программалау жүйесінің BitBtn компоненті көмегімен жасалған. Формадан формаға өту кодын мына батырмаға қолдана отырып оқулықтың келесі бетіне өтуге болады. Әрбір батырманы басу арқылы Әсет Найманбаев туралы ақпараттың шығуы WebBrowser компонентінің көмегімен жүзеге асырылған. "Өмірбаяны” батырмасын басқанда… - Айман Әсет ақыннның жүрген жерлері бойынша жасалған картасын таныстырады. - Ал "шығармашылығы” батырмасын басқанда оның шығармашылығы жайлы мынадай мәліметтер ашылады. Ханзада шығармашылығы бойынша топтастырған жұмысымен таныстырады.. - Елнұр: Бұл тестті біз Delphi программалау ортасының Image, BitBtn, RadioButton компоненттері арқылы жасадық. Бұл тест Әсет Найманбаевтің өмірі мен шығармашылығы бойынша оқушы білімін тексеруге арналған арнайы 20 сұрақтардан тұрады. Оқушы тесттіленіп болған соң, білім нәтижесі көрсетіледі. - Ақерке: Оқулыққа тапсырма кірістіру үшін 2 түрлі тапсырма ойластырдық: сөзжұмбақ пен 4 сұрақты тапсырма. Мына 4 сұрақты тапсырмада оқушы кезек кезегімен 4 сұраққа жауап бергенде сурет бөліктері ашылады, бәріне дұрыс жауап бергенде суретті толық көре алады. Сұрақ жауабы «иә» немесе «жоқ» деген жауаптан ғана тұрады. Бұл тапсырманы ұйымдастыру үшін Delphi программалау ортасының BitBtn, Image компоненттері және олардың қасиеттері қолданылды. Ал сөзжұмбақ шешуші өзінің жауаптарын енгізе алу үшін Edit компонентін пайдаландық. Интерактивті ұйымдастырылған бұл тапсырмалар оқулығымызды әрлендіре түсті. - Жайлау: Жүгірме жолды ұйымдастыру үшін Timer компонентін қолданып жобамызға анимациялық эффект кірістірдік. BitBtn компонентінің Cursor, ShowHint, Style қасиеттерін өзгерттік. 2-топқа орыс тілінде сөз: Даулет: - Данный электронный учебник был создан в среде программирования Delphi. Применили: o компонент Image для организации фона электронного учебника, который был создан в графическом редакторе Photoshop; o компоненты label и timer осуществляют создания бегущей строки; o появление информации на окне организовано с помощью компонента web browser и button с соответствующим кодом программы; o пункт «ИНСТРУКЦИЯ» содержит советы по использованию электронного учебника. o «АВТОРЫ» - о создателях данного учебника. o кнопка, созданная на основе компонента btnbutton системы программирования Delphi, осуществляет переход на следующую страницу учебника и закрытие определенного окна. Гульнур: Во второй странице учебника содержатся кнопки, осуществляющие открытие на окне информации о биографии и творчестве Асета Найманбаева- поэта, певца, который создал немало стихов и кисса-дастанов. Улучшили эффект компонента btnbutton, присвоив свойству cursor значение handpoint, а style - win31. Айгерим: Нажав на кнопку ЗАДАНИЯ нам предоставляется выполнить интерактивные задания по данной теме. Здесь предусмотрены 2 задания, проверяющие наши знания по материалам, включенным в данный электронный учебник. Если в первом задании требуется внести цифровые данные, организованные с помощью компонента EDIT, то во втором задании вам предоставляется решение красочно оформленного ребуса, где можно ввести ответы и получить результат тут же. Молдир: Представленный Вам электронный учебник, созданный на русском языке по изучению биографии и творчества Асета Найманбаева, также содержит тест из 20 вопросов. Во время тестирования вы не сможете выйти из программы, не ответив на все вопросы, по окончании выводится табличка с результатом и можно закрыть данный раздел учебника, нажав на кнопку «СОГЛАСЕН». 3-топқа ағылшынша сөз: Адина This electronic textbook was created in Delphi. What We have used: v Component Image is used for organization background of electronic textbook, which was created in the Photoshop CS. v " BIOGRAPHY” and "CREATION” buttons give information about his life and creative work. v This button provides web page with his songs on his native language. Айгуль v The Button «INSTRUCTION» give information about using this text book. v The Button «AUTHORS» give information about students by whom was created this electronic textbook. v By using button «CHEACK YOURSELF» you can try your luck and check your knowledge about Aset Naimanbayev. - Электронды оқулықты одан әрі әрлеу, өңдеу қажеттілігі туындағандықтан, Delphi ортасының басқа жаңа мүмкіндіктерін білу мақсатында Жетісу Мемелекеттік Университетінің ақпараттық технологиялар және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының PhD техникалық мамандығының докторы, аға оқытушысы Алтай Ақанұлымен байланысқа шығайық. Алтай Ақанұлы, сәлеметсіз бе? Бізді естіп және көріп тұрсаңыз, ұрақтарымызға жауап алсақ деп оқушылар ниет білдіруде. (сұрақтар қойылады, экраннан оқушылар кейбір амалдардың компьютерде орындалуын көреді). - Жинақталған мәліметтер бойынша оқушылармен сабақ басындағы кестеге сәйкес «Не білдім?» деген бөлімді мына сызба бойынша қорытындылаймыз. Бұл кезде оқушы жан-жақты мәлімет бере алады. Оның ақын, әнші, домбрашы, сазгер, айтыскер, яғни тоғыспалы өнер иесі екенін айтады. Қазақ әдебиеті мен информатика пәні бойынша кіріктірілген сабақтың нәтижесі әдебиетші қауымға көмекші құрал ретінде ұсынылып қана қоймай, оқушының шығармашылық, тілдік қатынасын, ақпараттық біліктілігін жан-жақты дамытуға белсенді тәсіл болып табылады. Мұндай сабақтардың еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда берер жемісі мол.
 
     
 
Категория: Шебер-класс | Добавил: LES-ON
Просмотров: 4938 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Сайтта іздеу

Табиғат

Google-де іздеу

Менің достарым

Омарова Жанна Нұрахметқызы © 2024
Конструктор сайтов - uCoz